KZ
Өскемен
-15°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
517.84 543.11 5.28

Әкімдік жүргізушісі көше шамын қалай қиратты? – ШҚО

фото: kzvesti.kz

7.12.2023, 11:56 148 Оразай Жеңісұлы

Катоанқарағай ауданында ауылдық округ әкімінің жүргізушісі мас күйде көлік жүргізіп, көше шамы орнатылған бағанға соғылған. Оқиға 4 желтоқсанда болған.

Жүргізуші жеті жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айрылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Катонқарағай ауылының әкімдігіне материалдық шығын келді және шығын ерікті түрде өтелді. Жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айрылады», - деп мәлімдеді аудандық соттың баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу