Өзен ортасындағы аралда қалып қалған 9 адам құтқарылды
10 желтоқсан күні кешке Алтай ауданында, Быково ауылынан 7 шақырым жерде марал шаруашылығының 9 қызметкері Бұқтырма өзені арқылы "Урал" жүк көлігімен үйге бет алған деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
ШҚО ТЖД құтқарушылары қауіпсіздік ережелерін сақтауды, қолайсыз ауа райында және тәуліктің қараңғы уақытында жетуі қиын жерге бармауды еске салады.
Қала сыртына барарда жолдардың жай-күйі туралы "Дәрмен" мобильді қосымшасынан білуге болады.
Көлікпен жолға шыққанда әрқашан өзіңізбен алғашқы көмек жинағы, кабель, зарядталған телефон болуға тиіс, жақын адамдарыңызға өзіңіздің орналасқан жеріңізді және жоспарланған қайту уақытыңызды хабарлау керек.
Төтенше жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарласу қажет.