«Жетісу» клубының ойыншысы Ұлттық ұлан қатарында
Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Отан алдындағы борышын өткеруге шақырту алған спортшы клуб арасындағы келісімшартын уақытша тоқтатып, Ұлттық ұлан қатарына қосылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6679 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеуші Жетісу облысы Қарабұлақ ауылының тумасы Глеб Малиновский есімі футболсүйер қауымға етене таныс. «Жетісу» клубының қақпашысы ерекше ойын өрнегімен бірталай жанкүйердің жүрегін баурап алған.
Алты жасынан бұл спортқа қызыққан ұландық алғашында шабуылшы шебінде ойнаған. «Жетісу» футбол клубының жаспөспірімдер тобындағы сайыста қақпашы жарақатынан, орнына Глеб шыққан. Жас өрен өзін жаңа жағынан көрсетіп, бұдан кейін клубтың негізгі қақпашысына айналады. Бұл туралы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.