KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Танымал қазақстандық ауыр атлет Чиншанлоға допинг қолданды деген айып тағылды

Фото: olympic.kz

14.12.2023, 17:35 99 Анель Слямғазықызы

Бір жылдан бері үлкен жарыстарға шықпаған Чиншанлоға тағы да допинг қолданды деген айып тағылды.

 

БАҚ деректеріне сүйенсек жарыстан тыс алынған міндетті допинг-бақылауда, оның сынамасынан «Метандиенон» анаболикалық стероид белгілері байқалған. Егер, спортшының допинг қолданғаны расталып жатса, ол тағы сегіз жылға спорттан шеттетілуі мүмкін,- деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

 

Естеріңізге сала кетейік, Чиншанло 2012 жылы Лондон Олимпиадасында чемпион атанған болатын. Оның Олимпиада ойындарында допинг қолданғаны дәлелденіп, алтын медалінен айырылып қалды. Сондай-ақ 2016-2018 жылдары барлық санаттағы жарысқа қатысу құқығынан айырылды. 

 

Алайда, спорттан шеттету мерзімі аяқталғаннан кейін спортшы Токио Олимпиадасына қатысып, 55 келі салмақта ел қоржынына қола медаль салған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив