KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
488.26 530.54 5.03

Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері әйелдің миындағы алманың көлеміндей ісікті алып тастады

Фото: Ұлттық нейрохирургия орталығы

20.12.2023, 23:49 127 Анель Слямғазықызы

Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері Қостанай облысынан келген әйелді мүгедек болып қалудан құтқарды. Әйелдің басынан маңдай-төбе бөлігін қысып, ми қыртысына жақын орналасқан алма көлеміндей ісік табылды.

Бұл туралы Altaynews.kz сайты Kaziform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық нейрохирургия орталығының баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, науқас Ұлттық нейрохирургия орталығынан консультациялық көмек сұраған. Әйел сол жақ аяқтарының әлсіздігіне және қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне, сондай-ақ конвульсиялық шабуылдарға шағымданды.

ҰНО мамандары науқаста неврологиялық бұзылуларды анықтады, содан кейін олар мидың МРТ диагностикасын жүргізді. МРТ диаметрі 10*9,5*10 см. болатын мидың оң жарты шарының маңдай-төбе бөлігінде алып ісік өсіндісінің бар екендігін көрсетті. Ісіктің ұлғаюы мүгедектікке әкелуі мүмкін еді.

Науқастың клиникалық жағдайы ҰНО дәрігерлерінің консилиумында талқыланды. Аурудың дамуын ескере отырып, Микрохирургиялық алып конвекситальды менингиоманы алып тастау операциясын жасау туралы шешім қабылданды.

Науқасқа ми патологияларының нейрохирургиясы бөлімшесінің дәрігерлері операция жасады. Нейрохирург дәрігер Мұратбек Тілеубергенов атап өткендей, операцияның күрделілігіне ісіктің үлкен мөлшері әсер етті.

«Ісік үлкен мөлшерден басқа, ісіктің орналасуы функционалды аймақтардың жанында қол жеткізу қиын жерде орналасқан еді. Осыған байланысты әйелде аяқтың төменгі сол жақ гемипарезі және құрысулар түрінде асқынулар пайда болды. Бірақ операцияның күрделілігіне қарамастан, біздің команда ісікті өмірлік маңызды орталықтардан, ми тамырларынан және сау ми тінінен толығымен алып тастады. Операцияда нейронавигациялық жүйе, сондай-ақ флуоресцентті диагностика қолданылды. Бұл бізге күрделі анатомиялық жағдайларда да зергерлерше қауіпсіз және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті Мұратбек Тілеубергенов.


Операция сәтті өтті, дәрігерлер ісікті толығымен алып тастады және функционалды аймақтарды сақтап, неврологиялық асқынулар мен мүгедектікке жол бермеді. Науқас атап өткендей, операциядан кейінгі жағдай жақсарды, неврология қалпына келді – аяқтың төменгі жағында күш пайда болды, жалпы жағдайы жақсарды.

«Мен Лисаковскіден келдім, 44 жастамын, менің екі балам бар, сүйікті жұбайым бар. Ұзақ уақыт бойы мені остеохондроздан емдеді, соңғы бірнеше айда жүрісім нашарлай бастады, құлап қала бастадым, күнделікті құрысулар пайда болды. Дәрігерлер мені Ұлттық нейрохирургия орталығына жіберді. Мұнда мидың МРТ және КТ сканерлеуі менің проблемамды тез тапты. 10 см-ге жуық ісік табылды, Менің жағдайымда тек хирургиялық араласу қажет болды. Мен дәрігерлерге толықтай сендім. Осы Орталықтың әрбір маманына алғысымды білдіремін. Мұнда жанашыр, мейірімді, зейінді адамдар жұмыс істейді. Жас мейіргерлер өте қамқор, науқас жанына үлкен жылулық сыйлайды. Дәрігерлер керемет, Мен мұндағыдай мейірімді адамдарды көптен бері кездестірмедім. Өз кезегінде, ана ретінде, науқас ретінде мен осы Орталықтың әрбір қызметкеріне маған жасалған сәтті операция үшін алғыс айтқым келеді. Мен бойымдағы үлкен жеңілдікті, айқын сананы және керемет көңіл-күйді сезінемін.» - деп бөлісті науқас Марина Коваленко.

Операцияны МӘМС бойынша Ұлттық орталықтың үздік мамандар командасы жүргізді, атап айтқанда: Ми патологиялары нейрохирургиясы бөлімшесінің нейрохирург дәрігері Мұратбек Тілеубергенов, Арман Макаров, анестезиолог-реаниматолог дәрігер Раушан Токшекенова, анестезист Жанар Аринова, Операциялық мейіргер Әсем Қадырханова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив