Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметін құттықтады
Фото: kaz.orda.kz
Америкалық әйгілі актер Леонардо Ди Каприо киіктердің популяциясын көбейткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді.
Оның айтуынша, ақбөкендер жойылып кетуі мүмкін жануарлардың тізіміне енген, бұл түр бойынша жетістік бар,- деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
"Бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұл Қазақстандағы ақбөкен популяциясының керемет сақталғанын білдіреді. Бір кездері 2005 жылы 48 000-ға ғана болған қазіргі таңда (киіктер) табиғатта 1,9 миллионға дейін өсті. Браконьерлікке қарсы бастамаларға, құқық қорғау органдарына және жаңа қорғалатын табиғи аумақтарды құруға қомақты қаржы бөлген Қазақстан үкіметін құттықтаймыз. Олардың табиғатты қорғау ұйымдары, университеттері мен ғалымдары бірлескен күш-жігерге негізделген табиғатты қорғау саласындағы шынайы табыстың тамаша үлгісін көрсетіп отыр", - деді актер.
Оқи отырыңыз