Өскемен қаласында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Фото: Аяужан Утеулинова
Жаңа жылды тойлау қарсаңында Өскемен қаласында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңке үш күнге созылады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
28 желтоқсан – Катонқарағай ауданы, 29 желтоқсан – Глубокое ауданы, ал 30 желтоқсанда Ұлан ауданының ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен қала кәсіпкерлерінің қатысуымен өтеді.
Қала тұрғындары жәрмеңкеге келіп, отандық тауар өндіруiшілерден арзан әрі сапалы ауылшаруашылық өнімдерді сатып алуларына болады.