Қазақстанда күн тағы да суытады
Фото: sobaka.ru
Алдағы үш күні республика аумағында тағы аяз түседі.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, 28-30 желтоқсан аралығында барлық өңірлерде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-28 м/с дейін жетеді.
29-30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік облыстарда желдің екпіні 30 м/с дейін күшейеді.
30 желтоқсан күні түнгі уақытта республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 7-15 градус аяз түседі. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аяз 3-13 градусқа дейін біраз төмендейді.