Президент тапсырмасы: 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемі екі есе ұлғаяды
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Мемлекет басшысының бастамасымен саяси-экономикалық реформалар жүзеге асырылып жатыр.
Оның алғашқы нәтижелері де жоқ емес. Осы орайда, 2023 жыл тарих беттерінде қандай оқиғалармен есте қалды, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі kaz.inform-ға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, биыл Мемлекет басшысы қоғамда заң мен тәртіп үстемдігін орнатуға, әділдікке негізделген жаңа экономикалық үлгіге көшуге, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға, бәсекеге қабілетті ел болуға, сапалы ұлт қалыптастыруға бағытталған көптеген бастама көтерді.
Мысалы, Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыт-бағдарын айқындап береді.