KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
488.26 530.54 5.03

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 454-457 теңгеден сатылып жатыр

Фото: kapital.kz

29.12.2023, 10:31 124 Оразай Жеңісұлы

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 454– 457 теңгеден саудаланып жатыр. Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 454,5 – 457,1 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 454 – 457 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 28 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 453,64 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,01 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,93 – 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,95 - 5,05 теңгеден сатылуда. Айта кетейік, 27 жетоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,85 теңгеге төмендеп 453,69 теңге болған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив