KZ
Өскемен
-21°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
522.42 543.89 5.28

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай

Фото: pexels.com

25.12.2023, 10:10 105 Анель Слямғазықызы

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 457– 461 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457,7– 460,3 теңгеден сатылып жатыр,- деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Ал Астанада доллар бағамы 459 – 461 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 25 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 459,69 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,01 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,95 – 5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,95 - 5,05 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 22 жетоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,30 теңгеге қымбаттап 459,50 теңге болған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу