Өскеменде өзенге көлік батып кетті
бейнежазбадан алынған кадр
Ертіс өзеніне көлік батып кетті. Оқиға Өскемендегі Самал саябағының аумағында болған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы сүңгуір жабдығының көмегімен жағадан жүз метр қашықтыққа ағып кеткен «Subaru Impreza» маркалы көліктің ішін тексеріп шығып, машина ішінде адам болмағанына көз жеткізді.
Кейінірек істің мән-жайы белгілі болды. Жүргізуші көлікті қойған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Соның салдарынан көлік өзінге қарай сырғып кеткен.
ШҚО ТЖД көлік иелеріне қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек екенін екертеді.