KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 4,8 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да жол апатында төрт адам қаза болды

Фото: ШҚО ПД

3.01.2024, 11:04 200 Анель Слямғазықызы

Оқиға кеше сағат 22:20 шамасында Өскемен қаласынан 8 шақырым жердегі Уварово ауылының тұсында болған.

Өскемен-Шемонаиха тас жолының бойында Toyota Corona Premio және Toyota Vista көлігі соқтығысып, салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Оның ішінде кәмелетке толмаған екі бала бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.  

— Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады ШҚО ІІД.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив