Қазақстандық жүргізушілердің автокөліктерінде жаңа арнайы белгінің бар-жоғын тексере бастады
Қазақстандық жүргізушілердің автокөліктерінде жаңа арнайы белгінің бар-жоғын тексере бастады.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, биылғы 1 қаңтардан бастап елімізде газбен жүретін автомобильдерге арнайы белгі қою міндеті күшіне енді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Яғни, газ баллондарымен жабдықталған автомобильдер «GAS» деген жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыш белгісімен таңбалануы тиіс.
Стандарт ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің бұйрығымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерінде көрсетілген.
Полицейлер болашақта осы Ережені сақтамайтындар ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертеді.
Айжанат Бақытқызы