Өскеменде қант бағасы төмендеді
фото: paryz.kz
Облыс орталығында тәтті өнімнің бағасы төмендеді. Арзан бағадағы қантты «Ертіс «ӘКК» АҚ сауда павильондарынан алуға болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
ӘКК мәліметінше, қазір корпорацияның 24 павильонында қант 459 теңгенің орнына бір килограмына 437 теңгеден сатылуда. Бұл баға 2025 жылдың қаңтарына дейін сақталмақ.
«Ағымдағы жылы қант үшін 1500 тонна келісімшарт жасалды. Бұл нарықтық бағалардың ауытқуына қарамастан қант құнының тұрақтылығына кепілдік береді», - дейді «Ертіс» ӘКК» АҚ.
Оқи отырыңыз