ШҚО-да стоматология мамандары дуалды оқыту бағдарламасы бойынша даярланатын болады
Облыста стоматология саласының орта буын медициналық кадрларын даярлауда дуалды оқыту бағдарламасы қолданылатын болады.
Өңірімізде орта буын медицина мамандарын даярлайтын стоматологиялық колледж және жоғары медициналық колледж сияқты екі орта оқу орны бар, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Соған қарамастан облыста бүгінде орта буын медициналық қызметкерлердің де, стоматологиялық емханалар мамандарының да тапшылығы білінеді. Кадрлардың білім сапасын арттыру мақсатында облыста стоматологиялық қызметкерлерді даярлауда дуалды оқыту жүйесін енгізу қолға алынбақ.
Осы мәселеге қатысты жиналған колледж директорлары және Өскемен қаласының стоматологиялық клиникаларының басшылары, әлеуметтік серіктестер кадрларды даярлау сапасы, өндірістік тәжірибеден өту және колледж түлектерін жұмысқа орналастыру туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
Әлеуметтік серіктестіктердің бірі - «Асыл төре» ЖШС директоры Дәулет Қабимолдиннің айтуынша, олар он жылдан бері стоматологиялық колледж және жоғары медициналық колледж студенттерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді. Қызметкерлерінің тоқсан пайызы осы екі оқу орнының түлектері. Биыл бітірген алты түлек те осы клиникаға жұмысқа орналасыпты.
- Биылғы оқу жылының аяғына дейін оқу бағдарламасына дуалды оқыту жүйесінің кейбір элементтерін енгізіп, сынақтан өткіземіз. Бағдарламаны келесі оқу жылында толық енгізсек деген ойымыз бар, - деп қорытындылады Инесса Чернышева.