Ұландықтар волейболдан сынға түсті
Ұландықтар волейболдан сынға түсті
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты жеті әскери бөлім қолбасшы кубогін сарапқа салды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Өскемен қаласында өткен сайыста сөз алған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев қатысушыларға сәттілік тілеп, спортпен тұрақты түрде айналысып, салауатты өмір салтын қалыптастырудың қажеттілігін алға тартты. Шара барысында «Динамо» ДШСҚ ШҚО бөлімінің өкілдері | жауынгерлерді спортқа баулыған генерал-майорға сыйлық ұсынды.
Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша 5511 әскери бөлімінің жеңіске жетті. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубок, дипломдар, медальмен және естелік сыйлықтармен мараппаталды. Сайыста үздік өнер көрсеткен ойыншылар өзара іріктеліп ақпан айында Қаракемер қаласында өтетін Ұлттық ұлан жауынгерлері арасындағы чемпионатта бақ сынайды. Олар дүбірлі додада «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғамақ.