ҚР ІІМ Қарағанды академиясының 15 курсанты ШҚО-да практикадан өтеді
Шығыс Қазақстан облысы полициясына ҚР ІІМ Қарағанды академиясының 15 курсанты практикаға келді.
Болашақ тәртіп сақшылары оқу курсының соңғы жылдарында ең үздік ведомстволық оқу орындарының бірінде теориялық білімдерін шыңдаған.
«Бес минутсыз мамандар» яғни криминалистер, тергеушілер және анықтаушыларға алдымен тәжірибелі тәлімгерлер бекітіледі. Олар жұмысқа қабылдану кезіндегі бейімделу кезеңін қысқартып, жас әріптестерін жұмысқа толық дайындайды. ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков жас мамндарды тағайындау туралы бұйрыққа қол қойды.
Облыстың бас полицейі болашақ офицерлерге үлкен үміт пен ерекше талаптар қойылатынын атап өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сол күні Полиция департаментінде конкурстан өткен кандидаттарды тағайындау өтті.
Әңгімелесуден және конкурстық іріктеуден өткен 9 жас жігіт ШҚО ПД бастығының бұйрығымен кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына тағылымдамадан өтуші болып тағайындалды.
Олар жаңа басталған кәсіби жолының келесі кезеңінде ҚР ІІМ оқу орындарында бастапқы даярлық курстарынан өтеді.