KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Коммуналдық қызмет шарттарын қашықтан жасауға болады

Фото: edoc.ukteplo.kz.

18.01.2024, 12:12 129

Өскемендіктер "Коммуналдық қызметтер орталығы" жаңа онлайн сервисінің көмегімен жылумен және сумен жабдықтау шарттарын қашықтан жасай алады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Коммуналдық қызметтер орталығының сайты edoc.ukteplo.kz. порталында іске қосылды.

Енді "Өскемен жылу желілері" АҚ және "Өскемен Су Арнасы" МКК-мен шарттарды онлайн жасасуға болады.

Басты беттегі "Жылу энергиясы", "Сумен жабдықтау және су бұру" бөлімдерінде қызметтер каталогы көрсетілген.

Әзірге келісімшарттарды рәсімдеу қызметі қолжетімді. Болашақта «Жылу желілері» мен «Водоканал»-дан салыстыру актілерін алу мүмкіндігі пайда болады. 

Сонымен қатар, "Коммуналдық қызметтер орталығы" арқылы «Водоканал»-ға суды қосу немесе ажыратуға, қайта есептеуге өтініш беруге болады.

Әзірге қызмет тек жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге дайын. Қызметті алу үшін электронды цифрлық қолтаңба болуы қажет.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив