KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Зайсанда «Данышпан» балаларды дамыту орталығы ашылды

19.01.2024, 14:15 163 Қызырбек Дүргінбайұлы

Елімізде зиянды экологияның зардабын тартып жүрген жандарға көңіл бөлу – басты мақсаттардың бірі. Осындай мақсатта жақында Зайсан ауданында ерекше балаларға арналған «Данышпан» балаларды дамыту орталығы ашылды.


Орталықта АВА-терапевт, дефектолог, логопед, логомассаж, АФК сияқты мамандар балалармен арнайы жұмыс істейді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Аталған мамандар жұмысының ерекше балалар үшін маңызы зор. Мысалы, ава терапиясы аутизмді түзетуге, балада аспергер синдромы, даму кемістігі, бас миының жарақаты бар болса немесе агрессияның болуы және өзгелерді тыңдамау сияқты проблемалық мінез-құлық болған жағдайда қолданылады.

– Өкінішке қарай, ауданымызда ерекше күтімді қажет ететін балалардың қатары күн санап артып келеді. Әсіресе аутизм, ақыл-ой дамымауының бірнеше деңгейі, психикалық дамуы тежелген, сөйлеу тілі қалыптаспаған, гипербелсенді, әлеуметтік қарым-қатынасқа түсе алмайтын, ерік-жігері бұзылыстары бар балалар саны артып келе жатыр. Ал оларды дамытып, қоғамға бейімдейтін орталықтар аз. Осы мақсатта жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі уақытта 20-дан астам бала орталыққа келіп жүр, – дейді орталық басшысы Дана Маратқызы.


Орталыққа балалар кезектесіп келіп отырады. Балалармен арнайы мамандар жұмыс жасайды. Мұнда оларға қажетті барлық жағдай жасалған. Орталық балалардың білім алуына, ақыл-ойын дамытуына және шығармашылықпен айналысуына қолайлы етіп жабдықталған. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив