KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Марқакөлге 20 тонна жем және дәрі-дәрмек жеткізілді

19.01.2024, 17:33 251 Қызырбек Дүргінбайұлы

Қаһарлы қыста қар құрсауында қалған Марқакөл ауданына 20 тонна жем мен қажетті дәрі-дәрмек жеткізілді. Тұрғындар да қол қусырып отырмай, жолды қардан тазартып келе жатқан «Шығыс-жол» жұмысшыларына ыстық тамақ пен отын жеткізіп берді.

 

Ұранхай ауылына дейін жеткен дәріні Төсқайың ауылына қарай моторлы шанамен жіберген. Ал қаладан жеткізілген жемді қажет болған жағдайда қар құрсауынан шығарылған жылқыларға беруді жоспарлап отырғандарын айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

– Өскемен қаласынан Ербол Әбдіхалықов деген ағамыз округ әкімінің өтініші бойынша 20 тонна жем жіберіпті. Қаладан жемді Құмарбек Бату ағамыз өз көлігімен жеткізіп берді. Осындай жанашыр жандарға Алла разы болсын! Ел басына күн туғанда көмектесіп жатқан жандарға мың алғыс, – дейді аудан тұрғыны Ришат Тукеев.

 

Тұрғындар елді мекендердің арасындағы жолдардың ашылып жатқандығы туралы видеолар мен суреттерді әлеуметтік желіге жариялап жатыр. Ал ауыл адамдарының бір-біріне атпен қатынап жүргендерін видеодан көруге болады. Табиғи сипатта төтенше жағдай жарияланған Марқакөл ауданында осылай жағдай біртіндеп реттеліп келеді.

 

 

 


Суреттер ауыл тұрғындарынан алынды

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив