Екі жарым мыңнан астам полиция Алматының тыныштығын күзетуде
Фото: almaty.tv
Алматыда патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар мен шұғыл бөлімшелер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты, BAQ.KZ - ке сілтеме жасап.
Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлім етті.
Алматыда жағдай тұрақты, қылмыс жоқ. Азаматтар арасында түсіндіру жұмыстары басталды, олардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қолға алынды. Тонау фактілері тіркелмеді, - деді ведомство.
Еске сала кетейік, Алматыда 23 қаңтар түнгі cағат 00:09 шамасында жер сілкінісі болды.
Сондай-ақ мегаполистегі әуежайдың еш кедергісіз жұмыс істеп тұрғаны айтылды.
Жанаргүл Мұқатай
Оқи отырыңыз