KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Алматыда мектептер мен колледждерде бірінші ауысымда сабақ болмайды

Фото: kubnews.ru

23.01.2024, 09:15 44 Айна Ескенқызы

Алматыда мектептер мен колледждерде бірінші ауысымның сабақтары тоқтатылды.

Қаланың білім басқармасы хабарлағандай, бұл білім беру мекемелерінің ғимараттарында халықты қабылдау пункттерінің ашылуына байланысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Tengrinews.kz. сайтына сілтеме жасап.

"Қаланың барлық мектептерінде, колледждерінде түні бойы халықты қабылдау пункттері жұмыс істегендіктен, 2024 жылғы 23 қаңтарда мектептер мен колледждерде бірінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылады. Балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді, баланы балабақшаға апару-ата-аналардың қалауы бойынша" -  деп хабарлады Алматы қаласының білім басқармасы. 

Бұған дейін қала әкімдігі Алматыда барлық жинау пункттері ашық және жұмыс істейтінін хабарлаған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив