ШҚО-да бұрқасын соғуы мүмкін
Ертең, 1 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында бұрқасын болады деп болжануда, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с дейін жетеді.
Өскемен қаласында 1 ақпанда түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні түнде 15-18 м/с.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертеді.
«Дәрмен» қосымшасында ауа райы жағдайы туралы алдын ала біліп алыңыз. Дауылды ескерту кезінде елді мекеннен шықпаңыз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет»,-делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет»,-делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.
Оқи отырыңыз