ШҚО студенттері ҚР чемпионатының турын жақсы нәтижемен аяқтады
Павлодар қаласында Ұлттық лига шеберлерінің әйелдер командалары арасында волейболдан Қазақстан Республикасының 32-чемпионатының 3 туры аяқталды.
Бұл турнирде құрамында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың екі студенті ойнайтын ШҚО-ның "BEREL" командасы ойдағыдай өнер көрсетуде. Бұл - байланыстырушы Раянна Дүйсенбаева және орталық бұғаттаушы Сәния Балағазинова. Олардың волейбол жасағы қазір турнир торында екінші орында тұр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Студенттердің айтуынша, "BEREL" волейбол клубы 2023 жылы құрылған. Команда біздің өңірде ағып жатқан Берел өзенінің атымен аталды. Бұған дейін олар "Алтай" (Өскемен) волейбол клубында ойнаған.
Раянна Дүйсенбаева бірінші маусымды жаңа командамен өткізетіндерін айтты.
Қыздар "дене шынықтыру және спорт" білім бағдарламасында оқиды. Сәния - төртінші курста, Раянна - үшінші курста. Оқуды аяқтағаннан кейін олар спорт саласындағы білікті мамандар болуды жоспарлап отыр.
Фото: ШҚУ баспасөз қызметі