KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
529.65 544.64 5.16

Кей өңірлердегі балабақша қызметкерлерінің жалақысы әлі өспеген

freepik.com

3.02.2024, 12:00 151 Назерке Каримова

1 қыркүйектен бастап елімізде барлық балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% көбейтілген болатын.

Алайда кей жартылай жекеменшік балабақша қызметкерлеріне жалақы дұрыс төленбеген, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Бұл мәслеге қатысты оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ұлттық арнаның «Жедел желі» бағдарламасында жауап берді.

Жаңа оқу жылы басталғалы елдегі балабақша қызметкерлерінің еңбекақысы 30%-ға өссе де, кейбір өңірлерде қызметкерлердің айлығы әлі күнге дейін өзгермеген.

Министр Ғани Бейсембаев барлық балабақшаға қойылатын бірізділік талабына бағынбаған жекеменшік бақшалардың басшыларына тиісті шаралар қолданылатынын айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу