Кәсіби хоккей жаттықтырушыларын даярлау қолға алынды
instagram/kazakhstanhockey
Қазір Қазақстанда маман жетіспеушілігіне байланысты бұл спорттың қарқыны бәсеңдеген.
Елімізде хоккей спортын дамыту, хоккейден жаттықтырушыларды дайындау үшін Қазақ спорт және туризм академиясы мен Қазақстан хоккей федерациясы арасында келісім жасалды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Келісім шеңберінде бірлесе отырып білім беру бағдарламасын құрастыру жоспарлануда.
Қазақстан хоккей федерациясы өкілдерінің айтуынша, шыдамдылық пен тез арада шешім қабылдауға баулитын бұл спорт түрінде жас буынның меңгерері көп. Тек мықты мамандар керек.
Қазақстанда 36 хоккей клубы бар. Ол жерде 9000-ға жуық жас жеткіншектер шұғылданады. 300-ге жуық жаттықтырушы бар. Бұл сандық көрсеткіштерді көбейту – басты мақсат. Бар мамандармен етене жұмыс істеп, олардың біліктілігін арттыру да күн тәртібіндегі мәселе.