Жеке практика тұлғаларының ЖТС төлеу мерзімі 5 ақпанда аяқталады
Фото: dknews.kz
Жеке практика тұлғаларының ЖТС төлеу мерзімі 5 ақпанда аяқталады
Қазақстанда 2024 жылғы 5 ақпанда жеке практика тұлғаларының жеке табыс салығын төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жеке практикамен айналысатын адамдардың табыстары бойынша жеке табыс салығы 2024 жылғы қаңтарда алынған табыстары үшін төленуі тиіс.
Жеке практикамен айналысатын адамның табысына мыналар жатады:
- жеке нотариустың табысы;
- жеке сот орындаушысының табысы;
- адвокаттың табысы;
- кәсіби медиатордың табысы.
Жеке практикамен айналысатын адамдардың табысына заң көмегін көрсеткені, нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны, сондай-ақ қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығындарды өтеу сомасын қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық, кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан алынған табыстардың барлық түрлері жатады.
Айжанат Бақытқызы