ШҚО-ның үздік тергеушісі анықталды
Өскемен қаласы Үлбі полиция басқармасы тергеу бөлімінің аға тергеушісі, полиция капитаны Шынар Рүстемқызы 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыстың үздік тергеушісі болып танылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Полиция капитаны 2018 жылдан бері ішкі істер органының тергеу бөлімінде қызмет етеді.
Шынар Рүстемқызының айтуынша, тергеуші болып жұмыс істеу оңай емес, бірақ ол қызметтегі барлық қиындықтарды дамудың жаңа стимулы ретінде қабылдайды.
Оның тәлімгері, отставкадағы полиция подполковнигі Лариса Воробьева қызметтің алғашқы жылдарында тек жұмыста ғана емес, сонымен қатар өмірлік мәселелерде де тәлімгер бола отырып, әрдайым жанынан табылған.
Тәжірибелі полицей жас қызметкерге өзінің кәсіби тәжірибесін үйретіп, қылмыстық істерді тергеудегі құпияларымен бөліскен.
Қазір Шынар Рүстемқызы ауыр және аса ауыр қылмыстарды тергеумен айналысады, бірақ негізгі бағыты – кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар.
Өткен жылы 21 ауыр қылмыс және 13 аса ауыр қылмыс туралы істерді тергеп, сотқа жолдап, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмыс қорытындысы бойынша «Облыстың үздік тергеуші» деп танылды.
Айжанат Бақытқызы