KZ
Өскемен
снег жел 8 м/с, ОБ
527.58 546.15 5.29

Марқакөлде арзан бағамен азық-түлік саудаланды

13.02.2024, 15:29 452 Қызырбек Дүргінбайұлы

Марқакөл ауылының әкімшілігі Глубокое ауданының шаруаларымен бірлесіп ауылдық округ орталығында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесін өткізді. Шаруалармен келісе отырып өткізген жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері арзан бағада саудаланған.

Арзан бағадағы азық-түлік өнімдерінің қатарында шұжық, тауық еті, ірімшік түрлері және табиғи сары май да бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биыл Марқакөл өңірінде қыс қатал болып, жылдың басында қалың қар жауғаны белгілі. Қалың қардың кесірінен жол жабылып, азық-түлік өнімдері кещігіп жеткен кез де болған еді. Сондықтан да арзан бағадағы азық-түлік өнімдерінің ауылдық округ орталығында саудалануы халық үшін тиімді болғаны анық.

– Біз Глубокое ауданының шаруаларымен бірлесе отырып азық-түлік өнімдерінің кішігірім жәрмеңкесін өткіздік. Онда халыққа қол жетімді бағадағы азық-түлік өнімдері саудаланды. Нақтырақ айтар болсақ, ірімшік, табиғи сары май, шұжықтың түрлері, тауық еті және тағы да басқа өнімдерді халық қалыпты бағада сатып алды, – дейді Марқакөл ауылдық округының әкімі Рүстем Кемешев.

Сондай-ақ саудаланған өнімдердің қатарында фета ірімшігі, моцерлла ірімшігі және таза табиғи сүттен жасалған сүзбе де бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу