KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Қазақстанда арқан тартыс федерациясы құрылды

сурет: worldnomadgames.com

14.02.2024, 14:00 225 Қызырбек Дүргінбайұлы

Ұлттық спортты ұлықтау үрдісі қарқын алып келеді. Соның бір дәлелі – елімізде арқан тартыс федерациясы құрылды. Мұндай федерация әлемнің 75 елінде бар және ресми спорт ретінде тіркелген.

Жаңа спорттық федерацияның құрылуының да өзіндік себебі бар. Себебі, елімізде осы күзде Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Осы тұрғыда көнеден келе жатқан спортымызды жаңғыртып, ел намысын қорғайтын құрама жасақталмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Айтар болсақ, халықаралық арқан тартыс федерациясы да бар. Оны Халықаралық Олимпиада комитеті таныған. Ал еліміздегі жаңадан құрылған ұйым алғашқы ресми жарысын да өткізіп үлгерген. Онда 8 команда ерлер және әйелдер болып жарысқа түскен.

Жалпы жарыс ережесі бойынша 1 командада 8 негізгі спортшы және 2 алмастырушы спортшы болады. Ерлер арасында команданың жалпы салмағы 720 келіден аспауы керек. Ал әйелдерде 560 келіден аспауы қажет.

Жаңадан құрылған Республикалық федерацияның президенті лауазымына Еркебұлан Ілиясов тағайындалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив