Көкпектіде жүз көлік қар құрсауында қалды
Күн райы бұзылғандықтан Көкпекті ауданының жолдарында жүзден астам көлік тоқтап қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Барлығы 116 көлік: 100 жеңіл көлік, 15 жүк көлігі және 1 автобус.
«Қазір бұл көліктер колоннада, бұрқасын болғандықтан тоқтап тұр», – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Кептеліс болған жерге облыстың төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері жіберілген. Құтқарушылар Көкпекті ауылына 7 адамды эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет емес. Семей қаласынан 25 жеке құрам күштер мен құралдар және рельефтік техника жіберілді.
Оқи отырыңыз