KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 5,3 м/с, З
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да жеңіл көлік қар құрсауында қалды

22.12.2022, 10:13 250 Оразай Жеңісұлы

Ұлан ауданында «УАЗ» маркалы жеңіл көлік қар құрсауында қалды.

Көлікте бес адам болған, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Оқиға 21 желтоқсанда сағат 23:30 шамасында Бозанбай және Ақжартас ауылдарының арасында болған. Жолаушыларға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары көмекке барды.

«Жеңіл көлік қарда тұрып қалды. Салонда бес адам болды. Ұлан ауданының №13 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері оларды Бозанбайға жеткізді», - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.

Мамандар күн райы қолайсыз болып тұрғанда алыс жолға шықпауға кеңесі береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив