Семей-Өскемен тас жолында аударылған жүк көлігі табылды
Абай облыстық ПД
Жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылып қалған.
Жүргізуші өзі ауылға жетіп алып, жүк көлігі далада иен қалған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- ШҚО бағытындағы Семей-Өскемен тас жолының 111 шақырымында полицейлер Газель көлік құралын аударылған күйінде тапты, деп хабарлады Абай облыстық ПД баспасөз қызметі. - Белгілі болғандай, ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізуші рульді басқара алмай, көлік аударылып қалған.
Жүргізуші өзі Привольное ауылына жетіп алған, ал көлік аударылған орнында қалған.
Айта кетейік, кеше ШҚО және Абай облыстарында осы қыстағы ең қолайсыз ауа райы жағдайлары болды. Қалың қар, қатты жел, жол көрінбейтіндей ақтүтек боран соқты.
Оқи отырыңыз