KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, Ю
527.58 546.15 5.29

ШҚО ТЖД: адам көзі жетпейтінді дрон көреді

17.02.2024, 15:00 184 Назерке Каримова

Былтыр ШҚО ТЖД азаматтық қорғау қызметі жаңа заманауи технологиялармен толыққан.

Олар құтқару операцияларын тиімді, қауіпсіз жүргізуге септігін тигізеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД 2024 жылдың бірінші айында облыс аумағында 74 төтенше жағдайды тіркеді. 322 рет авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға шығып, онда 53 адамды құтқарып, 27 азаматты эвакуациялады.

- ШҚО ТЖД теңгеріміңде өрттер, авариялар және басқа да оқиғалар кезінде шұғыл жағдайларда жұмыс істеу үшін «Камаз» базасында командалық-штабтық машина бар. Ол төтенше жағдай кезінде байланыстың барлық түрлерімен қамтамасыз етеді: спутниктік, телефон, радиобайланыс, бейнетрансляция, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.


Аймақтың климаттық жағдайы іздеу және авариялық-құтқару жұмыстарында қиындық тудырып, уақытты ұрлайды. Сондықтан да іздеу, құтқару жұмыстарын жедел жүргізу үшін 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы гарнизонының теңгеріміне дауыс зорайтқыш, прожектор, тепловизормен жабдықталған заманауи пилотсыз ұшу аппараттары алынған.

- Олар құтқару операцияларын жүргізудің тиімділігін, жұмыстарды жүргізудің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді, , - дейді Қуатбек Кенжебекұлы. - Дрондар аумақты айналып өту және бақылау үшін ғана емес, олар жоғалған немесе зардап шеккен адамды немесе оның іздерін анықтауға да көмектеседі. Адамның көзіне ілінбеуі мүмкін заттарды осы дронмен анықтауға болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу