ШҚО-да күреп кеткен жолдарды лезде қар алып қалып жатыр
instagram/transportvko
Боранға байланысты облыстың таулы аймағындағы «Өскемен-Тарғын-Самар» жолы жабық.
Ұлан ауданы және Самар ауданы жағынан да жол ашу жұмыстары күндіз-түні жүріп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алайда жол тазартушылар күреп өткен жолды артынша қайта қар басып қалып жатқанын айтады.
Осы жолда қар құрсауында қалған жеңіл көліктер де бар. Сол үшін де тұрғындарға боранды күні алыс жолға шықпау ескертіледі.
Оқи отырыңыз