KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3,9 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Өзгерген Өскемен – кітапханадағы көрме

19.02.2024, 14:44 125 Ынтымақ Толқын

Өлке тарихын насихаттауда кітапханалардың да атқарып жатқан жұмысы ерен.

Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада Өскеменнің көне келбеті бейнеленген көрме ашылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қалалық кітапхана «Өзгерген – Өскемен» көрмесін жыл басынан бастап ашқан. Мұнда шаһардың ескі суреттері оқырман назарына ұсынылған. Көрменің ерекшелігі де жоқ емес, заманауи технологиямен байланысқан. Арнайы бағдарламаны телефоныңызға орнатып, суретке жақындатсаңыз, қаланың көне келбетіне жан бітіп, өзгерген шаһардың бүгінгі келбеті пайда болады.

-Бұл көрме жылды бастаған ең алғашқы жаңалығымыз болды. Оқырмандардың да таңданысында шек жоқ. Қарттарымыз келіп, көрмедегі ескі суреттерден қаланың қай жері екенін бірден тауып, жастық шақтарын еске алып жатса, жастар қауымы Өскеменнің осыншалықты өзгергеніне таңданып жаты, -дейді кітапхана қызметкері Таңнұр Башай.

Айта кетелік, қолында қаланың ескі суреті бар тұрғындар да көрменің көркеюіне ат салыса алады. Олардың қолындағы суреттерді де көрмеге қойып, жан бітіруге кітапхананың мүмкіндігі бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив