Телефон, велосипед, ұшақты кім ойлап тапты?
Осы сұрақтарға жауап табу үшін өскемендік оқушыларға арнайы көрме ұйымдастырылды.
Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Жүз ұлы өнертабыс: сіз оларды білесіз бе?» атты кеңес-көрмесін әзірледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі
Көрмеге қойылған әдебиеттер ғылымға үлкен үлес қосқан ғалымдармен танысуға мүмкіндік береді және өткен мен бүгінгі өнертабыстар туралы білуге көмектеседі. Оқырман фантаст жазушылардың болашақтың қоғамы мен технологиясына арналған шығармаларын да таба алады.
- Оқырман көрмеден әдебиеттерді уақытша пайдалануға алып, онымен толығырақ таныса алады, - дейді кітапхана қызметкерлері. - Өйткені телефонды, электр үтікті, велосипедті, ұшақты, электромобильді кім жасағанын білу әркімге де қызықты болары сөзсіз.
Оқи отырыңыз