Бірыңғай уақыт: 1 наурызда оятқышты нешеге қою керек?
сурет: pixabay.com
29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (1 наурыз сағат 00:00-де) Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу және Ұлытау тұрғындары жаңа сағат белдеуіне ауысады. Яғни бүкіл ел Батыс Қазақстан уақытымен (UTC+5 уақыт белдеуі бойынша) өмір сүреді.
Осы орайда қандай құрылғыларда уақыт автоматты түрде өзгеретінін, қандай құрылғыларды қолмен теңшеуге тура келетінін айта кетейік.
Смартфон, смарт сағат және басқа гаджеттердің уақытын өзгерту керек пе?
Техникалық реттеу және метрология комитетінің басшысы Қуаныш Елікбаев мәлімдегендей, гаджеттерде 1 наурыз сағат 00:00-де уақыт автоматты түрде өзгереді. Ұялы байланыс операторлары барлық гаджеттерге жаңа уақытты автоматты түрде таратады. Осылайша, ұялы телефондар мен басқа да гаджеттер байланыс операторының орталық коммутаторынан ақпарат ала отырып, өздерінің жүйелік уақытын автоматты түрде синхрондайды.
Ұялы байланыс операторлары өз пайдаланушыларына уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты қандай техникалық ақау болуы мүмкін екенін ескертіп жатыр. Мәселен, кейбір абоненттерге тарифті алдын ала төлеу ұсынылды.
Цифрлық даму министрлігінің кеңесі бойынша құрылғылардың бағдарламалық жасақтамасын жаңарту қажет.
Ұсыныстар:
* Интернет байланысты тексеріңіз. Уақытты автоматты түрде жаңарту үшін құрылғы желіге қосылуы керек.
* Уақытты автоматты түрде жаңартатын баптауды қосып қойыңыз. Көптеген құрылғылар желілік уақыт қызметтерін пайдаланып күн мен уақытты автоматты түрде жаңарта алады.
* Құрылғыны қайта іске қосыңыз. Кейде өзгерістерді қолдану үшін қайта жүктеу қажет.
Операциялық жүйе нұсқаулары
Windows
Басқару тақтасы > Сағат және аймақ > Күн мен уақыт тармағын ашыңыз.
"Интернет уақыты" қойындысына өтіп, "Параметрлерді өзгерту" түймесін басыңыз.
Интернет уақытымен "Синхрондау" опциясы қосылғанына көз жеткізіңіз және "Қазір жаңарту" түймесін басыңыз.
Автоматты жаңарту жұмыс істемесе, Күн мен уақыт қойындысына өтіп, "Күн мен уақытты өзгерту" түймесін басып, дұрыс уақытты қолмен орнатыңыз.
macOS
Жүйе теңшелімдері > Күн мен уақыт тармағын ашыңыз.
Күн мен уақытты автоматты түрде орнату опциясы таңдалғанын тексеріңіз.
Қолмен конфигурациялау қажет болса, осы опциядан құсбелгіні алып тастап, қажетті өзгертулерді қолмен жасаңыз.
Android
Параметрлер > Жүйе > Күн және уақыт тармағын ашыңыз.
Күн мен уақытты автоматты түрде анықтау және Автоматты уақыт белдеуін қосыңыз.
Автоматты орнату жұмыс істемесе, осы опцияларды өшіріп, күнді, уақытты және уақыт белдеуін қолмен орнатыңыз.
iOS (iPhone мен iPad)
Параметрлер > Жалпы > Күн мен уақыт тармағына өтіңіз.
Күн мен уақыт параметрі опциясы үшін Автоматты қосыңыз.
Қажет болса, бұл опцияны өшіріп, дұрыс уақыт пен күнді қолмен орнатыңыз.
Мәселелер туындаған жағдайда:
Операциялық жүйе жаңартуларын тексеріңіз. Құрылғыңыздың ОЖ соңғы нұсқасына жаңартылғанын тексеріңіз.
Басқа желі уақыты қызметіне ауысу. Кейбір операциялық жүйелер баламалы уақыт серверлерін таңдауға мүмкіндік береді.
Уақыт белдеуі параметрлерін тексеріңіз. Орналасқан жеріңіз үшін дұрыс уақыт белдеуін таңдағаныңызға көз жеткізіңіз.
Желі параметрлерін қалпына келтіріңіз. Кейбір құрылғыларда желі параметрлерін қалпына келтіру уақытты автоматты түрде синхрондауға қатысты мәселелерді шешуге көмектесуі мүмкін.
Қолдау қызметіне хабарласыңыз. Мәселе шешілмесе, кәсіби көмек қажет болуы мүмкін.
1 наурызда оятқышты нешеге қою керек?
Мәселен, сіз 06:00-де оянуыңыз керек дейік. Егер уақытты автоматты түрде синхрондау параметрі бар гаджет емес, әдеттегі оятқышты қолданатын болсаңыз құрылғының сигнал уақытын бір сағаттан кейін – 07:00-ге қою керек.
Ал уақытты автоматты түрде ауыстыратын гаджетті қолдансаңыз, әдеттегідей нақты уақытқа қоясыз.