KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 7 м/с, Ю
487.81 527.62 5.02

Қазақстан делегациясы БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясының сессиясына қатысты

Фото: ҚР СІМ

1.03.2024, 10:48 124 Оразай Жеңісұлы

Қазақстандық делегация БҰҰ штаб-пәтері орналасқан Найроби қаласында БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) Қоршаған орта жөніндегі Ассамблеясының (ЮНЕА-6) 6-сессиясына қатысуда, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шарада 70-тен астам министр және ұлттық делегациялардың үш мың мүшесі төбе көрсетті.

БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясының сессиясы қоршаған орта мәселелері бойынша шешім қабылдайтын негізгі әлемдік орган болып табылады.

Бес күндік сессия бағдарламасында климаттың өзгеруі жағдайында қоршаған ортаның ластануына, биоәртүрліліктің жоғалуына және басқа да өзекті мәселелерге арналған пленарлық отырыстар, бүйірлік іс-шаралар, жоғары деңгейдегі баспасөз конференциялары мен диалогтар өтеді.

Сессия барысында саяси көшбасшылар резолюция мен шешімдердің 21 жобасын талқылайды деп күтілуде. Құжатта елдерге ауа сапасын жақсартуға, климаттың өзгеруін шешуге, химиялық ластануды шектеуге, шөлейттенуге қарсы тұруға және биоәртүрліліктің жоғалуын тоқтатуға шақырулар бар.

ЮНЕА-6 табиғи ортаның жоғалуы және биоәртүрліліктің үштік планеталық дағдарысты, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануы мен қалдықтарды реттеу, соның ішінде пластик мәселесіне назар аударып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив