ШҚО әкімі Алғыс айту күнімен құттықтады
Сурет: Instagram.com/shko.akim.official
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев ел тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Бүгін, көктемнің бірінші күні Қазақстанда ізгілік пен жылулыққа толы мерекелердің бірі-Алғыс айту күні атап өтілуде.
Тарихымызды парақтасақ, талай қиын-қыстау күнді басынан өткерген халқымыз ұлттық болмысын жоғалтпай, көршіге тату, жасампаздықты ту етіп, беделі биік мемлекет құра білді. Бұл асқан жомарттықтың, көрегенділік пен руханилықтың белгісі. Яғни, Алғыс айту күні бейбітшілік пен келісімнің символы және жалпыхалықтық сипатқа ие. Қазақстандық қоғамның рухани және мәдени өмірінің мызғымас бөлігіне айналды. Алғыс айту күні-бұл біздің тарихымыз туралы ғана емес, сонымен қатар айқын болашағымыз туралы, асқақ мақсаттарға жететін халықтың мызғымас байланысы туралы.
Еліміздің барлық тұрғындарын Алғыс күнімен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, бақыт пен береке тілеймін.
Осындай айтулы күні жақындарымызға, туғандарымыз бен Отанымызға алғыс айтудан тайынбайық!» - деп жазды аймақ басшысы Instagram желісіндегі ресми парақшасына.

Оқи отырыңыз