KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Металлургия саласында жарақат алу жағдайлары азайды - ШҚО

сурет: top-fon.com

5.03.2024, 23:24 167 Айна Ескенқызы

ШҚО прокуратурасының мәліметі бойынша, кейінгі 5 жылда тау-кен металлургия кәсіпорындарында 199 жарақат алу фактісі тіркелген. Тау-кен металлургия өнеркәсібінде апаттар санын азайту мақсатында облыстық прокуратура 2023 жылдан өндірістік жарақаттың алдын алу жобасын  жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жобаның өзектілігі ескеріліп, мәселелерді үйлестіру және жедел шешу үшін жұмыс тобы құрылған, тау-кен металлургия кәсіпорындарының жұмыс берушілерінің қатысуымен іс-шаралар кешені әзірлендген.

«Жұмысшылар мен жұмыс берушілерді қолдау үшін сенім телефоны құрылды, жұмысшылардың өмірін жазатайым оқиғалардан сақтандыруды қамтамасыз ету, жұмыс орындарын уақтылы аттестациялау, қызметкерлерді төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына оқыту, тозған жабдықты жаңарту бойынша шаралар қабылданды. Осы шараларды жүзеге асыру барысында 2022 жылмен салыстырғанда былтыр зардап шеккендер санын 40,5%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік туды» делінген хабарламада.

Жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігі аясында облыстың тау-кен металлургия кәсіпорындары («ГРК Визол», «Димстрой», «ГРК Маралиха алтын», «ГРК МЛД» ЖШС-тері) шығарған бұйрықтарға сәйкес, жұмысшы жарақат алған жағдайда, әкімшілік оны денсаулығына сәйкес жұмысқа орналастыруға немесе зардап шеккен адамның отбасы мүшелерін жұмысқа қабылдауға міндеттеледі.

2024 жылдың басынан бері өңірде тау-кен металлургия кәсіпорындарында өндірістік жарақат алу фактілері тіркелмегенін атап өту керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив