KZ
Өскемен
+8°
небольшой проливной дождь жел 1 м/с, С
484.19 524.28 5.03

Өскеменде трамвай өртеніп кете жаздады

Фото: ШҚО ТЖД

9.04.2024, 11:24 116 Оразай Жеңісұлы

Өскеменде трамвайда өрт шықты. Оқиға Назарбаев даңғылында болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қоғамдық көліктегі жолаушылар сыртқа өздері шығып үлгерді, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына дер кезінде жеткен  №7 ӨСБ қызметкерлері екі шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірді.  Сегіз маман және екі техника іске жұмылдырылды.

Қауіптілігі жоғары агрегатты талапқа сай қолданбағандықтан өрт тұтанды деген болжам бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив