KZ
Өскемен
+10°
небольшой дождь жел 5 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

ШҚО-да республикалық дзюдо турнирі мәреге жетті

13.05.2024, 13:08 105 Ынтымақ Толқын

Облыс орталығында 2007-2008 жылғы жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық турнир өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жүз елуден астам жас спортшы еңбек сіңірген жаттықтырушы Жаңаділ Атаевтың жүлдесін сарапқа салды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңаділ Атаев – өңірде самбо және дзюдо күресінің негізін қалаған жаттықтырушы. Табаны күректей қырық жыл тер төккен білікті маман 120-дан астам Әлем және Азия чемпиондарын, Олимпиада жүлдегерлерін, спорт шеберлерін баптады.

– Бұл жарыстың деңгейі уақыт өткен сайын жоғарылап келеді. Осыған дейін облыстық деңгейде болса, биыл республикалық маштабта  ұйымдастырылды. Спортшылар сегіз салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Бұл қатарда қырғыз елінің өкілдері де бар екенін айта кеткен жөн. Жарыс жеңімпаздарына спорт шеберіне үміткер атағы беріледі, – деді  ұйымдастырушы, аға жаттықтырушы Алмас Атаев.

Жасөспірімдер арасындағы жарысты дзюдо ардагерлері де арнайы келіп тамашалады. Құрметті қонақтар қатарында дзюдодан елімізден шыққан тұңғыш әлем чемпионы Максим Раков пен дүниежүзілік жасөспірімдер ойынының чемпионы Ерлан Сіләбаев болды.

Турнир қорытындысы бойынша жерлестеріміз төрт алтын, төрт күміс және тоғыз қола жүлдеге қол жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив