KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Полиция есебінде тұрған балалар спорт секцияларына бірінші кезекте тіркеледі

Фото:ortcom.kz

11.06.2024, 15:39 114

Елімізде балаларды спорт секцияларына қабылдау тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрыққа сәйкес, Туризм және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларына мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларына біршама өзгерістер енгізді.

Енді спорт секциясына қабылдау кезегі ақпараттық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі. Сондай-ақ баланың және заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), спорт секциясының түрі, өтініштің нөмірі мен уақыты, секундтың үлесіне дейін дәлме-дәл, кезектегі реттік нөмірді қамтитын ақпараттық жүйе ұсынған мәліметтер негізіндегі орындар тізімін қамтиды. Кезек балалардың заңды өкілдерінің берген өтініші бойынша баланың жас шектеулері ескеріле отырып өтінім берушінің спорт секциясы бойынша жеке құрылады.

Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен ақпараттық жүйеде тіркеледі. Осы норманы қосу арқылы ережелер «Білім туралы» Заңның 47-бабының 5-1-тармағына сәйкестендірілді. Кезекте орын ауыстыруға жол берілмейді.

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің айтуынша, бұл түзетулер нормативтік құқықтық актіні ақпараттық жүйенің қолданыстағы функционалына сәйкес келтіру үшін енгізілді. Мәселен, қазір іс жүзінде кезекте баланың және заңды өкілінің аты-жөні, өтініштің берілген күні, спорт секциясының түрі, кезектегі реттік нөмірі көрсетіледі.

Ақмарал Мұхтарбекова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив