Дзюдошы Әбиба Әбужақынова қола жүлдеге таласатын болды
Фото: Сали Сабиров
Дзюдошы Әбиба Әбужақынова жұбаныш белдесуінде жеңіске жетіп, қола жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Отандасымыз жұбаныш белдесуінде Парагвай дзюдошысы Габриэла Нарваесті екі минутта ұтты.
Енді ол қола жүлде үшін Жапония-Швеция балуандары жұбының жеңімпазымен белдеседі.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова бірінші белдесуінде Израиль балуаны Сара Ришониді Waza-Ari ұпайымен жеңсе, екінші кезеңде Тайпей спортшысы Чен-Хао Линнен 17 секундта айласын асырды.
Оқи отырыңыз