ШҚО-да атом энергетикасы саласының мамандарын даярлау мәселелері талқыланды
Бүгінде елімізде Атом электр стансасын салу мәселесі қызу талқылануда. Бұл жөнінде жалпыхалықтық референдум өткізу жоспарланған. Егер халық қолдау білдіріп, республика аумағында АЭС салынатын болса, онда бұл салада қызмет ететін мамандарды дайындау мәселесі күн тәртібіне шығатыны сөзсіз.
Осы ретте, елімізде, оның ішінде Шығыс Қазақстанда аталмыш сала мамандары жеткілікті ме? Жеткілікті болса, олар АЭС-те жұмыс істеуге қаншалықты даяр? Міне, осы және басқа да сұрақтарға бүгін Өскемендегі Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өткен «Атом энергетикасы саласының мамандарын даярлау» атты дөңгелек үстел отырысына қатысушылар жауап беруге тырысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Онлайн режимде өткен басқосуға Мәскеу инженерлік-физикалық институтының (МИФИ) Ұлттық ядролық зерттеу университеті мен Томск политехникалық университетінің өкілдері, сондай-ақ, «ҮМЗ», «Казцинк» сынды кәсіпорындар мен Ұлттық ядролық орталықтың мамандары, ғалымдар қатысып, атом энергетикасы кадрларын даярлаудың өзекті мәселелерін талқылады. Осы ретте келелі отырысқа қазақстандық жоғары оқу орындарының де өкілдері қатысып отырғанын айту керек. Олардың ішінде жергілікті университеттің мамандарымен қатар, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ мен Семейдегі Шәкәрім университетінің қызметкерлері болды.
Дөңгелек үстел барысында атом энергетикасы саласына қатысты мамандықтарға талапкерлерді тарту, кадрлар даярлауды жетілдіру сияқты мәселелерге қатысты ұсыныстар айтылды. Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда аталмыш саланың мамандарын даярлайтын санаулы ғана оқу орны бар. Соны бірі әрі бірегейі – осы Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта кез келген техникалық мамандыққа сияқты атом энергетикасы саласына да бөлінетін оқу гранттарының саны өте көп екен.