Сарбаздар да Жолдауға қолдау білдірді – ШҚО
Өскемен қаласындағы 27943 әскери бөлімінің сарбаздары ҚР Президентінің жолдауын тікелей эфирде тыңдады.
Президент Жолдауында сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасау әскер басшылығының жауапкершілігінде екенін айтты. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштерде сарбаздар өз Отанына лайықты қызмет етуі үшін заң мен тәртіпті қатаң сақтау қажеттігіне мән берді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Трансляция аяқталғаннан кейін командирлер жеке құраммен Жолдаудың негізгі тезистерін талқылады. Әсіресе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қарулы Күштердің рөліне қатысты бөлімдерге назар аударды.
Әскери қызметшілер үшін жолдауды тыңдау - бұл елдің ағымдағы міндеттері мен даму бағыттарын түсіну үшін маңызды қадам. Сондай-ақ, бұл әскери қызметшілердің елдің қоғамдық-саяси өміріне етене араласуының жоғары деңгейін және мемлекеттік қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде әскери қызметтің маңыздылығын көрсетеді.