Сейфті бұзып, 3,5 млн теңге ұрлап кеткен – ШҚО
Шілде айының ортасында Глубокое ауданының полиция бөліміне 72 жастағы Предгорное ауылының тұрғынынан арыз түседі.
Зардап шеккен адамның айтуынша, қонаққа келген танысы жатын бөлмедегі сейфтің кодтық құлпын бұзып, 3 500 000 миллион теңге ұрлап кеткен.
Күдікті отыз төрт жастағы аудан тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Күдікті 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Оқи отырыңыз