KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 2 м/с, СШ
514.94 583.74 6.13

ШҚО-да велосипед жарысы өтіп жатыр

3.08.2022, 09:25 208

Көпкүндік веложарыс қала сыртындағы трассаларда өтеді. Сондықтан полиция жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Қазақстан оқушысы» деп аталатын бұл спорт бәсекесі 52-ші рет өткізіліп жатыр.

«Бұл жарыс Өскемен-Самар, Өскемен-Алтай, Өскемен-Таулы Үлбі-Северное автожолдарында өтеді. Түсіністік танытып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Өйткені балалар – біздің болашағымыз!» – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Велосипед жарысы 8 тамызға дейін жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу